Игі істер күні

Еліміз бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Игі істер марафоны» өтуде. Бүгін бұл бастамаға С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана да қосылды.

Келіп жеткен Наурыз мерекесі кез келген адамға жақын жарқын сезімдерді, мәңгілік құндылықтарды өзінде сақтайды. Бұл мерекеде қонаққа бару, сыйлықтар беру және басқаларды қуанту ұмытылмас дәстүр іспетті орындалады.

Наурыз мерекесі қарсаңында кітапхана қызметкерлері Павлодар қаласының Отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды. Кітапхана ұжымы балаларға дамыту және үстел ойындары, шахмат, дойбы, нарды, лото және домино, ойыншықтар, шығармашылық пен сурет салуға арналған жиынтықтар дайындады.