Кітап саяхаттаушылар күні

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Балалар кітабының апталығы «Елдер мен құрлықтар бойынша» атты Кітапсаяхаттаушылар күнімен өз мәресіне жетті.

Балалар өздерін әдеби туристік агенттердің рөлінде сынап көрді. Глобустың көмегімен ел таңдалып, «туристер» үшін маршруттар әзірленді, олар көптеген елдер мен көрікті жерлер, салт-дәстүрлер, мәдениет пен әдебиет және т.б. жайлы қызықты мағлұматтарға қанықты. Әрі қарай топтарға бөлініп, туристік билетті сатып алғысы келетін «туристер» мен туристік агенттер рөлдерін сомдады.

Мұндай ойын түрі ұжымдық рух пен шығармашылықты дамытатын пайдалы, бірден-бір көмекші құрал. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік ретінде креативті кітап бетбелгілері табысталды.