«Қазақтың Қанышы» атты ғылым күні

17 - сәуір күні кітапханада Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақтың Қанышы» атты ғылым күні өтті.

Марғұлан Университетінің және Торайғыров Университетінің жас ғалымдары Мұрабек Омаров  пен Әсем Тоқтарбекова «Қазақ ғылымының атасы»  және «Наследие Каныша Сатпаева» тақырыбында дәрістер оқыды. Жастар үшін «Жизнь отданая науке» интеллектуалды ойыны өтті, сирек кітаптар залының қорынан 1950-1970 жылдардағы кітаптар бойынша «Страницы большой жизни» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Қонақтар Академик Қаныш Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық музейінің экспозициясына ерекше қызығушылық танытты, шолуды музей әдіскері Гауһар Серікқызы Балабаева жүргізді.

Торайғыров Университетінің студенті Абзал Рымбек ғалымның Қазақстан ғылымы мен мәдениетіне сіңірген еңбегінің маңызы туралы айтса, Марғұлан Университетінің студенті Әмина Сағындықова «Баянауыл валсі» әнін орындады.