Қаламгердің туған күні

2 желтоқсаны күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында журналист, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сүлеймен Баязитовтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

«Сүлеймен оқулары» аясында қаламгердің «Ақбет таудың таңы атады арайлы» (бастауыш сынып оқушылары үшін) кітапбындағы шығармаларының желісі бойынша сурет байқауы; «Отбасындағы ертегі сағаты» мәнерлеп оқудан онлайн-марафоны және 8-9 сынып оқушылары әдеби мазымұндама жазды. Байқаулар мен онлайн марафонға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан, қала маңындағы Жетекші, Кенжекөл ауылдарынан мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ қатысушылар арасында Павлодар облысы Зарин атындағы ЖОББМ мен Ақтөбе облысының Е.Мұхамеджанов атындағы ЖОББМ оқушылары бар.

Әдеби кеште қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтамаларға ие болды, ал суреттер мен көркем мазмұндама байқауының жеңімпаздары дипломдармен және «Жусан Банкі» АҚ ұсынған сыйлықтармен марапатталды.

Кештің құрметті қонақтары Сүлеймен Баязитовтың жұбайы мен ұлы, Журналистер одағының мүшесі, жазушы-аудармашы Серік Сатыбалдин, суретшілер Александр Колодин мен Ерсын Такирбасов, кітапхана оқырмандары, қалалық мектеп мұғалімдері, кітапханашылар.