«Дені сау ұрпақ - дені сау анадан туады» психологилық тренингі

25 сәуір күні облыстық кітапханада Педагогикалық колледж студенттерінің қатысуымен «Айтолқын» лекторийінің «Дені сау ұрпақ - дені сау анадан туады» тақырыбындағы дәрісі өтті. №4 Павлодар қалалық емханасының дәрігері Сыздыкова Самал Жанболатқызы және психолог Ақжекеева Гүлдана Нұрланқызы дәріс оқыды, қыздарға ана махаббатын, ана құндылығын ұғынуға, өмірдегі және отбасындағы өз рөлін бағалауға көмектесті. Шара психологиялық тренинг элементтерін қолданумен әңгіме түрінде өткізілді. Студенттер проблемалық жағдайларды талқылап, өз пікірлерін білдіріп, шешімдерін ұсынды. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесіне шолу дайындады.