Дизайн- жобалары көрмесі

27 ақпанда «Айна» галереясында Павлодар көркемсурет колледж студенттерінің дизайнерлік жобалары көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Бұл көрмеде интерьер дизайны мен графикалық дизайн бойынша жобалар ұсынылған.

Интерьерлердің дизайн-жобаларын Панихин Денис, Аусат Инкар, Чалышев Ярослав, Абылхасанова Сания, Багнова Елена ұсынды. Олар интерьерлерді жобалау ерекшеліктерін, белгілі бір бағыттағы дизайнды жасау, әр түрлі мақсаттағы үй-жайлардың сәулеттік сызбаларын орындау бойынша меңгерген білімдерін көрсетеді. Сызбалар компьютерлік бағдарламаларда, негізінен Corel бағдарламасында, ал үй-жайларды визуализациялау (суреттер жасау) 3D max бағдарламасында орындалған. Жобалар тек бағдарламаларда ғана емес, қолмен да орындалған.

Графикалық дизайн Иванченко Валерия, Лазин Кирилл, Шабанова Элина, Юминов Даниил, Мукушова Сания, Масленников Артем жұмыстарында ұсынылған. Жобалар фирмалық стильдердің, әдеби шығармаларға иллюстрациялардың, полиграфиялық өнімдердің әзірлемелерін көрсетеді. Әзірлемелер шығармашылық қиялдың деңгейін, композицияны білуді, конструкциялар мен бейнелерді құру ерекшеліктерін көрсетеді. Жобалар Photoshop, Corel Draw компьютерлік бағдарламаларында орындалған. Иллюстрациялардың бір бөлігі қолмен орындалған, содан кейін сканерлеу арқылы бағдарламаға әрі қарай редакциялау үшін көшірілген.

Көрменің ашылуына ИнЕУ студенттері, көркемсурет колледжі мен көркемсурет мектептерінің оқушылары қатысты. Суретші-ұстаздар А. Кисамиденова, Ю. Мазина, Е. Юминова, А.Шалбаева болашақ дизайнерлерге сәттілік тіледі.