Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні

19 тамызда халықаралық қоғамдастық 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қоғамның назарын осы бағытқа аудару үшін және гуманитарлық операцияларды жүргізу кезінде қаза тапқан мамандарға құрмет ретінде құрған Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күнін атап өтеді.

Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күнінде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың Халықыралық кітап секторы түрлі қайырымдылық ұйымдарының өкілдері мен еріктілерді онлайн кездесуге шақырып, олардың оқиғаларын тыңдады, тәжірибелерімен бөлісті және өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Онлайн-шарада Әлеуметтік-волонтерлік орталықтың үйлестірушісі, «Қызыл жарты Ай» қоғамының Павлодар облыстық филиалының басшысы, сондай-ақ «Шапағат» медалімен марапатталған белсенділер сөз сөйледі.

Қатысушылар пайдалы ақпараттан шабыт алып, көп нәрсе білді, жаңа идеяларға қызығушылық танытты.