Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні осыдан 100 жыл бұрын, 1923 жылы Испанияда пайда болды.

Осы күні Мигель Сервантес, Инки Гарсиласо де ла Вега және Уильям Шекспирдің секілді ұлы авторларды ел еске алды.

Кітап күнінің басты мақсаты биліктегі шенділер мен бұқараның білімін жетілдіру мақсаттында кітап оқуға тарту еді.

Бұл кітаппен байланысты адамдардың мерекесі: кітап баспасы, кітап саудасы және кітапхана ісінде жұмыс істейтін адамдар осы күнді ерекше ықыласпен атап өтеді.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана жыл сайын дәл осы күні кітап фестивальдары, кітап жәрмеңкелері мен көрмелері, әдеби кештер және тағы да басқа ерекше іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырды.

Бірақ биылғы жыл коронавирус бұл салаға да өз түзетуін енгізді! Сондықтан да бұл күні тек онлайн іс-шаралар өткізу жоспарда бар.

Мәселен, дәл бүгін сағат 16.00-де онлайн режимде әдеби эмоджи-викторинасы өтеді. Эмоджи-викторинасы сіздің карантиндегі уақытыңызды тиімді өткізуге, көңіліңізді көтеріп, сергітуге септігін тигізеді. Шарыға қатысып смайликтерге ие болыңыз!