«Дәуірдің дара жұлдызы» әдеби-танымдық кездесуі

26 тамыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұлт ұстазы, ағартушы ғалым, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Дәуірдің дара жұлдызы» атты әдеби танымдық кездесу ұйымдастырды.

Шараға Ахаңның туған топырағы Қостанай өңіріндегі Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана да қатысты. Бұл жолы Торғай топырағындағы Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын, өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген мәртебелі азаматтармен онлайн жүздесудің сәті туды.

Атап айтсақ, Ахметтанушы, өлкетанушы, қоғам белсендісі, Ахаңның жерлесі, ақсақал ағамыз Ибраһим Ағытаев, Ахаңның іздеушісі, белгілі ақын, журналист, сатирик, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Абылай Мауданов арнайы қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ахмет Байтұрсынұлы жайлы тың деректермен, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әдеби-танымдық шараға Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысып, зерттеушілерге сұрақтар қойып, Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.