«Қоршаған табиғатты аяла» атты эко-кездесу

6 маусымда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» орай «Қоршаған табиғатты аяла» тақырыбында эко-кездесу өтті. Экология және туризм орталығының педагогы Бекжанова Д.К. балалар мен жасөспірімдерге слайд көрсетілімін ұсынды.

Аталған іс – шараға №11 мектептің оқушылары қатысып, ұйымдастырылған викторина және кроссворд сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді.