«Ағаш отырғыз» экологиялық акциясы

22 сәуір - Халықаралық Жер күні аясында, С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапхананың Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығы ауласында «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясын өтті.

Экологиялық акцияға «Подари земле сад» қоғамдық қорының белгілі экологы, «Атамекен-Родина» ҚҰ төрағасы Юрий Львович Гашек қатысты. Іс-шараға «Жердің болашағы сенің қолыңда»/«Будущее Земли зависит от тебя» атты бейне-презентация дайындалды.

Акцияға шақырылған «Дарынды балаларға арналған № 3 гимназия» ММ оқушылары пирамида пішіндес терек көшеттерін отырғызуға белсенді қатысты.