«Табиғаттың емдік күштері» тақырыбындағы экологиялық сағат

24 қаңтарда облыстық кітапханада экологиялық лекторийдің отырысы өтті. Экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығының педагогы И.Н. Орт «Табиғаттың емдік күштері» тақырыбында дәріс оқыды. Инесса Николаевна диалог түрінде №11 орта мектептің оқушыларымен табиғаттың тіршілік етуші күштері, күннің, судың, таза ауаның адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы әңгіме өрбітті.

Оқушылар пікірталасқа бар ынталарымен қатысып, викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.