«Прикрой планету ласковой рукой» тақырыбындағы экологиялық сағат

15 қараша күні  «Жасыл ғаламшар» экологиялық жобасы аясында «Прикрой планету ласковой рукой» тақырыбында экологиялық лекторийдің отырысы  өтті.  Дәріске №11 орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысты.

«Балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығының» оқытушысы Г.М. Алибаева қызықты лекция оқып, ғаламшар, адам және оның қоршаған ортаға деген ұқыпты қарым-қатынасы, жауапсыздықтың қандай қасіреттерге әкелетіні туралы айтты. «Орман – өлкеміздің байлығы», «Дәрілік шөптер», «Құстар патшалығында»,«Жануарлар әлемі»,«Сусыз тіршілік жоқ» атты түрлі тақырыптар қозғалды. «Айналамыздағы табиғат»  туралы бейнеролик көрсетілді.

Оқушылар педагогтің әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, викторинаға белсенді қатысты.