Экологиялық сағат «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні»

27 қазан 2021 жылы облыстық кітапханада «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні» экологиялық лекторийінің отырысы өтті. Павлодар техникалық колледжінің 1 курс студенттері шақырылды. «Балалар экология және туризм орталығы» ұстазы Динара Каиргельдиновна «Дүниежүзілік қорғау күніне» орай жалпы шолу жасады, бейне баян көрсетіп, қысқаша жануарлар жайлы мысалдар келтірді. Балалардың назарына библиографиялық шолу және тақырыптық әдебиеттер көрмесі ұсынылды. Оқушылар сұрақтар қойып өздерінің ойындарын жеткізді.