Экологиялық дәріс «Жасыл планета»: «Көкшетаудың минералды сулары»

29 қазанда «Көкшетаудың минералды сулары» тақырыбында ғылыми-көпшілік, ағартушылық дәрісі өткізілді.

Дәрісті, «Көкшетау минералды сулар» АҚ ғылыми бөлім мамандары ҚР минералды ресурстар Академиясының академигі Пятов Евгений Александрович, дәрігер-диетолог Бекаев Евгений Анатольевич оқыды. Лекцияны өткізу барысында жеңіл су туралы көрнекі материалдар слайдпен көрсетілді (кітапшалар), дәмін ажыратып байқау үшін жеңіл судың үлгілері ұсынылды. Іс-шараға қатысушыларға «Синегорьенің ғажайып көздері» кітапшалары таратылды, сонымен бірге қызықты сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Лекцияға Павлодар түсті металлургия колледжінің студенттер тобы қатысты.