Кітапханаға саяхат

17 мамырда Павлодар қаласының №7 орта мектебінің оқушылары облыстық кітапханамен танысты. Оларға кітапхананың барлық залдарына экскурсия жүргізілді. Мектеп оқушылары Maker Space шығармашылық алаңының қызметіне, сирек кітаптар қоры, оқу залында ашық қолжетімділік, RFID технологиясы көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсету арқылы кітаптарды алу үдерісіне үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ, «Ұлт ұстазы – Ахмет» кітап көрмесін тамашалап, Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығына арналған «Өмірдің көркем шежіресі» атты әдеби шолуды тыңдады.