«Біздің өлкенің құстары» атты экскурсия

4 сәуірде Халықаралық құстар күніне орай Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің флора және фауна мұражайында «Біздің өлкенің құстары» атты экскурсия өтті.

Техникалық қызмет көрсету колледжінің студенттеріне қызықты экскурсияны мұражай қызметкері, оқытушы – экскурсовод Н.Е.Тарасовская жүргізді. Экскурсия барысында студенттер туған өлкенің флорасы мен фаунасы туралы сұрақтар қойып, мол ақпарат алды.

Студенттер оқытушының әңгімесін қызыға тыңдап, викторина сұрақтарына белсенді қатысты.