Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжым болып бірге тыңдадық. Мемлекет басшысы осы Жолдауында көптеген қордаланған мәселелерді көтерді әрі оны шешу жолдарына да тоқталды. Білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, халықтың әлеуметтік хал-ахуалын жақсартуға байланысты айтқан орамды ойлары көңілге қонымды. Бұл әділетті Жаңа Қазақстан құрудағы алғашқы нақты қадам деп ойлаймыз.