«Елбасы жолы» кинокөрсетілімі (Тұңғыш Президент күніне орай)

Бүгін С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы жолы" кинокөрсетілімі өтті. Кітапхана оқырмандары үшін кітап көрмесіне қойылған кітаптарға шолу жасалды.Содан кейін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі көрсетілді.

Аталған көркем фильм Нұрсұлтан Әбішұлы жазған кітаптардың желісі бойынша түсірілген және мемлекет басшысының өмірінен шынайы оқиғаларды бейнелейді. Фильмде кейіпкердің тұлғасы мен мінезінің қалыптасуы, оның алғашқы жеңістері, үміттері мен орындалған армандары туралы айтылады.

Кинокөрсетілім соңында оқырмандар өз әсерлерімен бөлісіп, болашақта қандай мамандық иесі болғысы келетіні айтып берді.