«Елбасы елімен бірге» атты бейнесабақтар циклы

28 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Елбасы елімен бірге» атты бейнесабақтар циклы өтті. Әлеуметтік қорғау орталығының қамқорлығындағы балаларға арналған бейнесабақ барысында «Ел көшбасшысының өмірбаяны» атты слайд, «Үш қоныр» және «Город мой» атты Н.Назарбаевтың әндерінің бейнефильмдері көрсетіліп, «Что мы знаем о Президенте» атты викторина өткізілді.

29 қараша күні №22 ЖОББМ мектеп кітапханасында және акт залында 5-8 сынып оқушыларына арналған сабақтар өтті. Оқушылар Руслан Мухамадеевтің сценарийі бойынша «Ел анасы» деректі фильмін тамашалады, «Патриоттық сезім және жастар» атты дискуссияға қатысты, ал іс-шара соңында «Тұнғыш Президент» атты әдеби шолу тыңдалды.