Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды

21 қараша С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды.

Ақын, қаламгер Жарқынбек Амантай сөз бастап, жалпы мақаланың негізгі жеті бөліміне назар аударды. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері Ербол Мәті ұлтымыздың тарихи құндылықтарына мән беруге, әлемге танымал мәдениетімізді өркендетуге үлес қосуға шақырды. «Сарыарқа самалы» газетінің журналисттері Данияр Жұмаділ және Алпысбай Хонж мақаланың әр бөлімі бір жобаға сай екендігін белгіледі. Облыстық кітапхананың бөлім басшысы Әсемгүл Ауылбаева кітапхананың қорындағы құнды деректерді насихаттау кітаптан басталуы керек екендігін айтты. Өйткені бұрыннан басылып шыққан Қазақстан тарихы туралы шетел деректемелеріндегі мәліметтерді пайдаланып көптеген жұмыстар атқаруға болатындығын атап өтті.