«Елдігіміздің айнасы» онлайн кітап көрмесі

4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Гимн. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу - парыз.

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында облыстық кітапхана «Елдігіміздің айнасы» онлайн кітап көрмесін жасады. Мемлекеттік рәміздерді зерттеуші Ербол Шаймерденовтің кітабында Қазақстан Республикасының Елтаңба, Ту, Гимнің жасау жұмыстары қалай жүргізілгені айтылған, мемлекеттік рәміздерге түсініктеме берілген. Көрмеде еліміздің әр тарихи кезеңдеріндегі мемлекеттік рәміздердің тарихы жайында әдебиеттер көрсетілген. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптастыру тарихы» кітаптарында мемлекеттік рәміздер туралы қызықты ақпараттар берілген.