Елена Ивановна Юминованың шәкірттерімен бірге жеке көрмесі

2021 жылдың 5 маусым күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Елена Ивановна Юминованың шәкірттерімен бірге жеке көрмесі өтті.

Бұл білім беру үздігі, суретші-педагог, көптеген халықаралық, республикалық және облыстық конкурстардың жеңімпазы Е.И. Юминованың бесінші көрмесі. Көрме экспозициясына суретшінің 30-дан астам жұмысы және оның оқушылары, Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледж (ИнЕУ) оқушыларының 30-дан астам жұмысы қойылған. Көрермендер назарына акварель және маймен орындалған академиялық кескіндеме туындылары, қарындаш, көмір, гелий қаламы және пастельмен жасалған суреттер, сондай-ақ батик техникасындағы жұмыстар ұсынылды. Көрмедегі жаңалық - маржанмен кестеленіп коллаж жасалған өңделмеген жібектегі акрилмен салынған сурет. Елена Юминованың шығармашылығы өзіндік стилі бар, сәндік композицияларға жақын.

Көрмеге қойылған жұмыстарда әртүрлі қызмет бағыттарының түрлі техникалары біріктірілді.

Көрмені 2021 жылдың шілде айының соңына дейін тамашалауға болады.