«Еңсесі биік Елорда» - «Домбыра күмбірлесе қоңыр сазбен...» кітап көрмесі

6 шілде күні облыстық кітапхана орталық қалалық саябағында Жастар бастамаларын дамыту орталығы қала тұрғындар мен қонақтары үшін ұйымдастырған мерекелік іс-шараға «Еңсесі биік Елорда» - «Домбыра күмбірлесе қоңыр сазбен...» атты кітап көрмесін ұсынды.
Көрмеге Нұр-Сұлтан қаласының құрылуы жайлы және әсем қаланың сәулеті көрсетілген кітаптар мен альбомдар қойылды. Сонымен қатар Ұлттық домбыра күніне арналған көрменің бөлімінде аспаптың тарихы, түрлері, жасалу технологиясы, домбыраның пайда болуы туралы аңыз, домбыраны үйрену және Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сүгір, Қазанғап сынды өнер иелерінің күйлері туралы кітаптар мен альбомдар ұсынылды.
Кітап көрмесін іс-шараға келушілер қызығушылықпен тамашалады.