«Ер есімі - ел есінде» кітап көрмесі

6 мамыр күні кітапханада Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында «Айна» галереясында «Ер есімі - ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көпшілік назарына ұсынылған кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады.

Ұсынылған көрмеден «Отты жылдар шежіресі» бөлімі Ұлы Отан соғысы тарихынан бастап, қатысқан жауынгерлердің батырлықтарын айқындайтын деректі шығармалар, Жеңіс туралы жазылған еңбектер және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың естеліктерімен таныса аласыздар. Сонымен қатар экспозицияның ерекше назар аударатын «Жеңімпаздар» бөлімі біздің жерлестеріміз – соғыс батырларына, тыл еңбеккерлеріне арналады. Одан басқа «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» бөлімінде соғыс тақырыбындағы көркем әдебиет, әсіресе майдангер авторлардың кітаптары ерекше белгіленеді. Отан қорғаушылары күніне арналған «Қазақстан Қарулы күштері» бөлімінде біздің қарулы күштеріміз туралы әдебиет ұсынылады.

Жеңіс күні – бұл жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алатын күн. Ұлы Жеңіс күні бейбітшілікпен қайырымдылықтың жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.