«Ерлік жері – Чернобыль»

27 қараша күні Чернобыль АЭС соңғы саркофагының жабылу күніне орай «Ерлік жері – Чернобыль» атты реквием- кеші өтті. Кешке Павлодар қаласында тұратын апат салдарын жоюшылар қатысты.

Кеште «Союз Чернобыль» ҚБ өкілдері сөз сөйледі: Деймунд Виктор Георгиевич - «Союза Чернобыль» ҚБ төрағасы, Павлодар қ. Мәслихат депутаты; Чернобыль АЭС апат салдарын жоюшылар - Сәбитов Мұрат Батұлы, Осипов Александр Анатольевич.

Олар Чернобыль АЭС-тегі қызметтері, олардың ортақ іске қосқан үлестері, қауіпті аймақта болғанға «дейінгі» және «кейінгі» өмірі туралы әңгімеледі. Олардың айтқандары ешкімді бей-жай қалдырмады. ПМПУ студенттері мен «Білім- Инновация» лицей-интернатының оқушылары радиацияның денсаулыққа және қоршаған ортаға тигізген әсері туралы сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, жоюшылар студенттерге өз тілек, лебіздерін айтты.