«Ертіс өңірінің ұлы есімдері» атты танымдық сағат

14 сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері №1 арнайы мектеп-интернатында «Ертіс өңірінің ұлы есімдері» атты іс-шара өткізді. Танымдық сағат Ертіс өңірінде туған Қазақстанның дамыуна тарихи үлес қосқан тұлғаларына арналды. Іс-шара барысында кітапханашылар оқушыларды Қ. Сәтбаев, С. Торайғыров, Ш. Шокин мен Естай Беркімбайұлының мәдениет, өнер, ғылым және білім саласындағы жетістіктерімен танысты. Кездесу соңында оқушылар қызықты тақырыптық тапсырмаларды орындап, өз білімдерін тексеріп алды.