«Ертіс өңірінің ұлы есімдері» танымдық сағат

19 қазан күні №7 арнайы мектеп-интернатында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері «Ертіс өңірінің ұлы есімдері» атты танымдық сағат өткізді.

Іс-шара барысында кітапханашылар қатысушыларға атақты жерлестеріміз Жаяу Муса, Жүсіпбек Аймауытов, Майра Шамсутдинова, Әбікен Бектуров, Малайсары батырдың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, Ертіс өңірінде дүниеге келген көрнекті тұлғалардың мәдениет, өнер, ғылым және білім саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, оқушылар қызықты тақырыптық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін толықтырды.