ЕРТІСТІҢ ҚАЙРАТТЫ ҚАЛАМГЕРІ

Бүгін 8-желтоқсан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қалижан Бекқожинның 110 жылдығына орай "Ертістің қайратты қаламгері" атты әдеби-сазды кездесу өтті. Шараға филология ғылымдарының докторы, профессор С.Сүтжанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ғ.Жұматов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып, ақын жайлы пікірлерін білдірді.

Кеш барысында қаламыздағы Қ.Бекқожин атындағы мектептің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Көпшілік кеш соңында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана арнайы дайындаған көрмені бірге тамашалады.