«Есеп беру құжаттарын сауатты жасау!» ликбезі

23 қазан күні Павлодар облысындағы кітапхана әдіскерлері мен жинақтаушыларына «Есеп беру құжаттарын сауатты жасау»! атты ликбез өткізілді.

Облыстық кітапхана мамандары ОКЖ жылдық есеп беру жұмысына дайындық бойынша кітапханашылардың статистикалық есепті, негізгі формалары: «1-Кітапхана», «6-НК», КІ «Қазақстан кітапханалары: сандар мен фактілер», кітапханалардың куәліктері, сандық кестелерді толтыру сұрақтарына әдістемелік ұсынымдар берілді.Сонымен бірге ауыл кітапханалары-филиалдарының жылдық жоспарды, жұмыс есептерін жасау барысындағы дұрыс жақтары мен кемшіліктері анықталып белгіленді. 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын жасауда кітапханашылар аталған негізгі тақырыптар мен басым бағыттарды ескеруі керек.Үлестірме материалы есебінде әдістемелік және ликбез тақырыбына байланысты ұсынымдары бар электрондық папка көрсетілді.