«Есімі ел есінде» еске алу кеші

10 қарашада облыстық кітапханада генерал – майор Үкімет Смағұловқа арналған «Есімі ел есінде» атты еске алу кеші өтті.

Смағұлов Үкімет - қызметте жедел уәкіл көмекшісінен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің облыстық басқармасының басшысы лауазымына, кіші лейтенант шенінен генерал-майорға дейін жоғарлап, саяси сауатты, қажырлы, еңбекқор басшы болған. Ардагерлер Е.Г. Баяндин, М.К. Жантеміров, Р.У. Ахметов, Д.Н. Фалеев Үкімет Смағұловтың өмірі мен қызметі туралы әңгімелеп, жақсы естеліктерімен бөлісті.

Шараға Монтаж колледжінің студенттері белсенді қатысты.