«Ескен Елубаевтың таңғажайып әлемі» оқу марафоны

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Ескен Елубаевтың таңғажайып әлемі» оқу марафоны өз мәресіне жетті. Марафон балалар жазушысы, ақын, драматург Ескен Елубаевтың 80 жылдығына арналды. Оқу марафоны 10 наурыздан 27 наурызға дейін жалғасты. Жас оқырмандар Е.Елубаевтың сүйікті өлеңдерін жатқа айтып, шығармалардан үзінділер оқыды. Кітапхана қызметкерлері Е.Елубаевтың шығармашылығы туралы баяндап, жазушының кітаптары көрмеге қойылды.

Марафонға М.Катаев атындағы оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясына қатысушы - № 7,16,17,18 ЖОББМ-нің және Заря орта мектебінің оқушылары қатысты. Оқу марафонына қатысушылардың барлығына алғыс хаттар табысталды.