«Бірлігіміз жарасқан!» Ethno-Party

27 қазанда «Кітапханатану – 2022» әлеуметтік-мәдени акциясы аясында 1-қабаттың холлында «Бірлігіміз жарасқан!» Ethno-Party бұрышы орналасты.

Этно-пати – бұл кез-келген кешке этникалық мотивтерді енгізу және ерекше және есте қаларлық оқиға жасау мүмкіндігі. Кешті Ы.Алтынсари атындағы гимназияның оқушылары ашты және эстафетаны қалалық ардагерлер кеңесінің «Ертіс әуендері» хорының мүшелеріне тапсырды, олар ізгі тілектерімен батасын берді, ән айтып, Тілашар рәсімін өткізді.

Бағдарламаны Неміс этномәдени орталығының және «Вир» халықтық вокалдық ұжымының қатысушылары «Калина-брук» және «Эгельхен» әсем әндерімен жалғастырды, ал «Фаден» театрлық тобы «Праздник урожая» қойылымымен толықтырылды.

Румын-Молдавия орталығының «Сперанце» жастар вокалдық ансамблінің орындаушылары «Patria mia» өлеңдерін, биі бар хоп-ша-ша әні, поппури, қызықты жанды этникалық джемдер көрсетті.

Корей орталығының «Торади» ансамблі «Туруми» биімен және «Шабыт» қазақ биімен өнер көрсетті.

Барлық этномәдени орталықтар сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін дайындады.