«Еңбек ету құқығы. Еңбек саласындағы құқықтық қатынас»

24 сәуір күні облыстық кітапханада «Павлодар облысы кәсіподақ орталығы» КАБ – мен бірлесе отырып «Павлодар облысы Еңбек басқармасы» ММ бас еңбек инспекторының және Павлодар жоғары басқару колледжінің студенттерінің қатысуымен «Еңбек ету құқығы. Еңбек саласындағы құқықтық қатынас» атты құқықтық лекторий өтті.
Студенттер еңбек шарты ұғымымен, еңбек демалысын және зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібімен танысты және жастардың жұмыс тәжірибесі мәселесіне қызығушылық танытты. Дәріс Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.