«Кітап-ғажайып әлем» балалар оқу фестивалі

3 сәуірде С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында халықаралық балалар кітабы күніне арналған балалар оқу фестивалі өтті. Фестиваль қонақтары-Б.Момышұлы атындағы мектептің, М. Әуезов атындағы мектептің және №3 гимназия мектебінің оқушылары көңілді және жақсы оқитындарға арналған конкурстарға қатысты. «Ашық микрофон. Шексіз шығармашылық» атты тақырыптық алаңында «Жігер» клубының «Айналайын» би тобының биін, музыкалық мектеп-интернатының оқушылары И. Бобиковпен Д. Қайыркеновтын орындауында күй тартысын, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылардың мәнерлеп оқу өнерін тамашалады.

«Балалардың сүйікті жыршысы» атты әдеби кеш жерлесіміз, ақын, балаларға арналған шығармалардың авторы, аудармашы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналды. Әдеби кеште ақынның өлеңдері оқылып, оқушылар ақынның өлеңдері бойынша жұмбақтар шешті. Ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі Шолпан Байғалы М.Әлімбаевпен жеке кездесуден алған әсерлері мен естеліктерімен бөлісті.

Фестиваль бағдарламасы «Ғарыш әлемі» көрме-трансформер және «ПавГео» ҚБ кітапхана қорынан «Кітап континенттері» көрме-экспозициямен танысумен жалғасты. Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы Д. Қасымовамен бірге балалар балауызбен және акварель бояуларымен М.Әлімбаевтың «Небылицы» өлеңіне суреттерін салды.

Фестиваль «Балалар әдебиетіндегі жаңа есім» атты шығармашылық кездесумен аяқталды. Абай атындағы гимназияның 7-8 сынып оқушылары 2022 жылғы «Балаларға арналған Үздік шығарма» атылымы бойынша «Алтын тобылғы» республикалық байқауының жеңімпазы Нұрбек Кеңесбаймен кездесті.