«Наурыз дастарханы» атты аспаздық өнер фестивалі

14 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Наурыз мейрамын тойлау аясында «Наурыз дастарханы» атты аспаздық өнер фестивалі өтті.

Ұлттық тағамдар - кез келген халықтың мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірі. Бұл оның өзіндік ерекшелігін, сипатын, тарихын көрсетеді.

Наурыз мейрамында ақ дастарханды жайып, баршаға ұлттық тағамдарды ұсыну дәстүрі бар.

Бұл күні қалалық Ардагерлер кеңесі - қазақ, тәжік этно-мәдени және татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталықтарының өкілдері ұлттық тағамдарын ұсынды.

Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Әсел Ботаева мен Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінің студенттері қазақ әндері мен билерін орындады.

Оқырмандар назарына «Наурыз келді дүниені нұрландырып...» атты кітап - иллюстрациялық көрме ұйымдастырылып, онда 100-ден астам түрлі-түсті кітаптар, альбомдар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар, қазақ және тәжік халықтарының музыкалық аспаптары мен тұрмыстық заттары т.б. қойылды.