«Әлемде талай қызық бар» фестивалі

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Әлемде талай қызық бар» атты балалар фестивалі өтті. Фестиваль «Менің сүйікті кітаптарым» кітап дефилесімен ашылды. Кітапхана оқырмандары кітаптарды әдеби кейіпкерлердің бейнесінде  көрсетті. «Кішкентай оқырман» мектебінің қатысушылары барлығының сүйікті «Теремок» ертегісінің қойылымын көрсетті. «Ашық микрофон» шығармашылық алаңында оқушылар өздерінің сүйікті өлеңдерін оқыды, әндер мен билерді орындады, музыкалық аспаптарда ойнады. Балалар үшін аттракциондар, командалық және үстел ойындары ұйымдастырылды.

«Шебер қолдар» көрме-жәрмеңкесінде кітапхана оқырмандары мен №8 мүгедек балаларға арналған үй әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің балалары өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетті. «Picasso» студиясының жетекшісі Турекулова Индира «кескіндеме гуашь» шеберлік сыныбын, сондай-ақ балаларға арналған бағдарламалау тілі және төсбелгілер жасау бойынша «Scratch» шеберлік сыныптарын өткізді, авкагрим. Фестиваль барысында балаларға арналған «Сакура», «Лотос» студиясының қатысушылары, Павлодар Музыкалық колледжінің оқушылары ерекше би және вокалдық нөмірлерін көрсетті. Жазғы оқу маусымы фестивалмен ашылды, енді жаз бойы жалғасын табады.