«Фиалочка» клубының отырысы: «Көктемгі кезеңде үй өсімдіктерін жасарту және қайта отырғызу»

9 наурызда карантиндегі ұзақ үзілістен кейін «Фиалочка» әуесқой бағбандар клубының отырысы өтті. Отырыста «Көктемгі кезеңде үй өсімдіктерін жасарту және қайта отырғызу» тақырыбында әңгіме өрбіп талқыланды. Гүл өсіруші Елена Асеева ауру өсімдіктерді қайта тірілту, ересек гүлдер мен «бала гүлдерді» қайта отырғызу, сапалы топырақты таңдау, дұрыс жарықтандыру және қалыпты суару сияқты оңтайлы жағдайларды дайындау бойынша шеберлік сыныбы мен практикалық сабақ өткізді. Үлгі ретінде үй коллекциясындағы гүлді өсімдіктердің таныс сорттары мен жаңалықтары ұсынылды: бұл Мәскеудегі «Дом фиалок» көрсетілімінде жүлделі орынға ие болған «Жаңбыр әуені»/ «Мелодия дождя» шегіргүлі, сондай-ақ «РМ-сиқырлы Рождество»/ «РМ-Волшебное Рождество», «Қызыл қызғалдақ»/«Красный тюльпан», «Эстель», жаңа «Рапсодия-Кора» сияқты сорттар болды. Гүл өсірушілер үшін жаңа әдебиеттерге тақырыптық шолу жасалды.