Фитобар

21 сәуірде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Оқитын Павлодар» кітап фестивалі шеңберінде Өндірістік әдебиет секторында ПМПУ профессоры, биология ғылымдарының докторы Н.Е. Тарасовская және медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті.

«Шөп медицинасы – денсаулықтың табиғи кілті» тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылып, шай мен дәрілік шөптердің дәмін ажырату бойынша тапсырма орындалды.

Кездесу соңында «Емдік шөптер» тақырыбына викторина жүргізілді.