«Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты флешмоб

Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды.

1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалғаны баршаңызға мәлім. Ал 2007 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақты белгілеп берді.

Осы айтулы күнге орай С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты флешмоб ұйымдастырды. Осыған орай, бүгін облысымыздың кітапханалары жұмыс күнін мемлекеттік гимнді салтанатты орындаудан бастады.