«Халық жиындары» фольклорлық кеші

19 мамырда Славян әдебиеті мен мәдениеті күні қарсаңында «Халық жиындары» атты фольклорлық кеш өтті. Шара Павлодар облысының «Славян мәдени орталығы» ҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Жыл сайын 24 мамырда барлық славян елдері Славян жазуы мен мәдениеті күнін атап өтеді және славян жазуын жасаушылар Кирилл мен Мефодий әулиелерін салтанатты түрде дәріптейді.

Кеште Дәурен Джалаловтың жетекшілігімен «Славянка» вокалды-фольклорлық ансамблінің орындауында орыс халық әндері, авторлық әндер мен өлеңдер шырқалды.

Сондай-ақ, қонақтардың, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушыларының назарына орыс сәндік-қолданбалы өнерінің этнографиялық көрмесі мен «Орыс өрнектері» әңгімесі ұсынылды.