«Отты жылдар куәгері» фотопостері

Ұлы Жеңіс күні - батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуге, аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бүгінгі ұрпақ ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзеуі тиіс.

Осы орайда, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 20 сәуір мен 9 мамыр аралығында «Отты жылдар куәгері» атты фотопостер жобасын оқырман қауымға ұсынды. Кітапхананың әлеуметтік желілерінде жергілікті ардагерлердің өмір жолын баяндайтын ақпараттар күнбе-күн жарияланып тұрды. Жоба барысында барлығы 59 ардагердің фотопостері оқырманға жол тартты. Жаужүрек жауынгерлердің өмірі мен ерлік жолын баяндайтын ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде жарияланды.