«Айна» галереясы: виртуалды арт-кеңістік

Жоба 1997 жылдан бастап облыстық кітапхана жанындағы "Айна" өнер галереясының офлайн жобасының жалғасы болып табылады.

Виртуалды арт-кеңістік жобасы жас суретшілердің, мүсіншілер мен фотографтардың шығармашылығын дамытуға бағытталады. Бұл жобаға бейнелеу өнері саласында алғашқы қадамдар жасағандар да қатыса алады.

Жобаның алғашқы қатысушысы Шаймұрат Әділ. Бейне әлеуметтік желі парақшаларында таныстырылған.