«Ғарышқа саяхат» шеберлік - сыныбы

22 желтоқсан күні облыстық кітапханада әуесқой астроном А.В.Калинин «Ғарышқа саяхат» атты шеберлік – сыныбын өткізді. Андрей Владимирович өзінің ғарыш әлеміне жасап жүрген байқаулары, жұлдыздар, планеталар, астрономияның дамуы туралы мағыналы мағлұматтарымен бөлісті, гипс құю әдісін көрсетті. Іс-шараға Павлодар Басқару колледжінің студенттері қатысты.