«Ғарышқа саяхат» тақырыбына танымдық сағат

2021 жылдың 28 қазанында облыстық кітапханада «Ғарышқа саяхат» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға «Павлодар техникалық колледжінің» бірінші курс студенттері шақырылды. Әуесқой астроном Калинин Андрей Владимирович гипс модельдерінен Күн жүйесінің нысандарын (кратерлер, жанартаулар, планеталар), соның ішінде ұшыру аппараттарын жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Студенттер көріністегі нысандарға қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, пікірлерін білдірді.