Ертіс өңірінің батырлары

3 мамырда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Жеңіс күніне орай «Ертіс өңірінің батырлары» атты тарих сабағы болып өтті. Шара Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, Совет Одағының батырларына арналды. Р.Нұртазина мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар: Андрей Елгин, Михаил Катаев, Максим Милевский, Серікбай Мүткенов және Василий Степаненконың ерліктері туралы  көп мағлұмат алды. Шараға «Ертіс өңірінің батырлары» аттыбейнепрезентациямен, «Ұрпақтар жадында – В памяти поколений» атты көрме ұсынылды.