Ұлы Отан Соғысының Батырлары

11 мамыр күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығы К. Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Ұлы Отан Соғысының Батырлары туған қаласындағы көшелер атауында» әдеби ойынын өткізді. 5 «А» сынып оқушылары павлодарлық өлкетанушылардың - Э.Д.Соколкин, М. Гапон, Б. Хазыров, М.Тереник және С.Шевченконың кітаптарына жасалған шолуды бар ықыластарымен тыңдап шықты. Сонымен қатар, оқушылар ойын-викторинасына белсене қатысып, өздерінің арғы аталары - Ұлы Отан Соғысының майдангерлері жайында әңгімелеп берді, соғыс туралы өлеңдер оқып, әндер орындады.