«Ғұлама-наме» - оқырман олжасы

21 қазан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада философия ғылымдарының докторы, профессор, Абайтанушы, Қазақстан ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің «Ғұлама-наме» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Академик Ғ.Есім жаңа кітабы жайлы сөз сөйлеп, тыңдарман сұрақтарына жауап берді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар секілді үш ғұламаның еңбектері жайлы жазылған трилогия туралы баяндама жасап, кітапта көтерілген кейбір дүниелерді оқырман қауымға жеткізді.

Филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серік Елікбай Мұхатр Әуезов жайында келелі әңгіме өрбітсе, философия ғылымдарының кандидаты Амантай Құдабаев Шәкәрімге қатысты тың деректермен бөлісті.