«Ғылымға арналған өмір» атты кездесу

2022 жылдың 28 қаңтарда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Құдайберген Ешімұлы Конопьяновтың «Ғылымға арналған өмір» атты кездесу өткізілді.

2005 жылдан бастап Конопьянов Қ.Е. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын қадағалау комитетінің сараптамалық кеңесінің мүшесі болып табылады. Қазіргі уақытта профессор Торайғыров университетінің «Агротехнология» кафедрасында сабақ береді.

К.Е. Конопьяновтың өмірі мен қызметі туралы «Ғылымға арналған табанды еңбек » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға №11 жалпы орта білім беретін мектептің 9 сыныптың оқушылары қатысты.