Халықаралық толеранттылық күні

27 қарашада көзі нашар көретін және зағип азаматтарға арналған арнайы кітапханада толеранттылық сағаты өтті. Іс-шараға  арнайы кітапхананың тұрақты оқырмандары мен кітапханашылары қатысты. Толеранттылық сағатының барысында келушілерге С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қорынан шет тіліндегі әдебиеттерге шолу жасалды, толераттылық, көптілділік туралы мағлұматтар берілді. Оқырмандар қызығушылық танытып, өз сұрақтарына жауап алды.